Қазақстан • 21 Тамыз, 2018

Астанаға Түркия Жандармериясының басшылығымен арнайы делегация ресми сапармен келді

580 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанаға Түрік Республикасы Жандармериясының Бас қолбасшысы армия генералы Ариф Четиннің басшылығымен арнайы делегация ресми сапармен келді. Үш күнге созылған іс-шаралар аясында Қазақстан мен Түркия арасындағы салалық ведомстволардың өзара ынтымақтастығын тереңдету жайы жан-жақты талқыланды.

Астанаға Түркия Жандармериясының басшылығымен арнайы делегация ресми сапармен келді

Ал делегация құрамына Түркияның Қазақстандағы елшілігіндегі әскери атташесі полковник Жюнейт Гюмен жетекшілік етті. Ал делегация құрамында Түрік Республикасы Жандармериясының байланыс және ақпараттық жүйелер басқармасының бастығы генерал-майор Энгин Чырақоғлы мен Азия аймағы бойынша әріптестік жөніндегі бөлім басшысы майор Женгиз Йылмаз да болды. 

Әріптестік кездесудің алғашқы күнінде әскери қонақтар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында болып, құқықтық әскердің құрылу тарихымен, оның мақсат міндеті мен құрылымдық ерекшелігімен танысты.

Сондай-ақ, делегация басшысы армия генералы Ариф Четин ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовпен кездесу барысында Түркияның әскери оқу орындарында маман даярлау бағыты мен білім беру ісіндегі әріптестікті дамытудың жай-күйі талқыланды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында қазақстандық делегацияның Стамбулда өткен кездесуде келісілген бірқатар жетістіктер легін одан әрі жалғастыру жөнінде әңгіме өрбіді. Естеріңізге сала кетер болсақ, аталған сапар аясында екіжақты әріптестік аясында Қазақстан Республикасы тарапының Жандармерия училищесінде білім алушы курсанттарын жыл сайын 8 адамға дейін көбейту келісімі жасалған еді. Оған қоса, тараптар Түркияның әскери-оқу орындарынан түлеп шыққан қазақстандық түлектердің одан әрі Түрік Республикасының академиясында және Түркия оқу орындарындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелерде әскери мамандарды даярлау үшін (сұрмергендер мен жарылғыш қару мамандарын, суда жүзу мамандарын т.б.) оқу курстарын ұзарту жөнінде келісім жасалған болатын.

Делегация өкілдерінің ресми кездесуі соңында армия генералы Ариф Четин Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы ғимаратының аумағында «Достық аллеясын» ашып, онда алғашқы ағашты отырғызды.

Содан кейінгі ресми сапар Ұлт Көшбасшысы – Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қораныс университетінде жалғасын тапты. Мұнда қонақтар университеттің оқу-әдістемелік базасы мен материалдық әлеуетімен танысып, музейді аралады. Сонымен қатар, имитациялық модельдеу орталығы мен ҚР ҚК Бас штабы академиясы мен Ұлттық ұланның біліктілікті аттыру факултетінің жұмысымен танысты.

Ресми сапардың екінші күнінде Түрік Республикасы Жандармериясының Бас қолбасшысы армия генералы Ариф Четин мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі генерал-полковник Қалмұханбет Қасымовтың кездесуі өтті.

 Жалпы іс-шаралар желісі өзара түсіністікке негізделген жағымды сипата өтіп, тараптар ынтымақтастықты тереңдету мен белсенді жүргізуге ықылас танытты. Сонымен қатар, құқық қорғау саласындағы қарым-қатынас деңгейінің болашақтағы бағыт-бағдары нақтыланды. Орайлы сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Еуропа мен жерорта теңізі жандармериясы және әскери дәрежедегі құқыққорғау органдары қауымдастығы (FIEP) құрамына қосылудың жай-жапсары талқыланды.

Содан соң түркиялық әскерилер Арнайы жедел мақсаттағы астаналық бригаданың материалдық-теникалық жағдайымен танысып, әскерилердің тұрмысымен танысып, әскери қару-жарақ көрмесін тамашалады. Делегация өкілдері сапардың соңғы түйіні ретінде елордадағы Кемал Ататүрік тындағы саябаққа барып, ескерткішке гұл шоқтарын қойды.