Қазақстан • 21 Тамыз, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мұсылмандардың бүгінгі ұлық мерекесімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды

«Құрметті отандастарым! Баршаларыңызды бүгінгі мұсылмандардың ұлық мерекесі - Құрбан айт күнімен құттықтаймын. Менің Жарлығыммен бұл күн бүкіл мұсылмандарға, халқымызға, Қазақстанға жұмыстан елдер босатылып, осы намазын, парызын орындасын деп, мейрам деп жарияланған. Осы айлардың ішінде халқымыз намаз оқып, құлшылық жасап, Алладан тілек тіледі. «Құрбан» деген сөз - Аллаға жақындау деген сөз. Қолынан келетін азаматтар құрбан шалып, тілегін тілеп жатыр. Бұл - Алланың көрсеткен жолы, Пайғамбардың ізі. Әрқайсыңыз елдің тыныштығын, бала-шағаның аманшылығын болашақта ойлап, намаз оқып, тілеу тілеген шығарсыздар. Сол тілектің барлығы елімізде орындалсын», - деді Президент құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар