Жазғы спорт • 22 Тамыз, 2018

Азиада-2018: Семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы қола жүлде алды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы бүгін Қазақстан қоржынына 14-ші жүлдені салды деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.

Азиада-2018: Семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы қола жүлде алды

Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько жартылай финалда Қытай құрамасына жол берді. Есеп - 25:45.

Семсерлесу спортының ережесі бойынша, жартылай финалда жеңіліс тапқан команда автоматты түрде қола жүлдеге иелік етеді.

Осылайша, жақында ғана Азия чемпионатынан жүлделі оралған сабляшы қыздар Азия ойындарында да үздіктер қатарына енді.