Әлем • 22 Тамыз, 2018

Венесуэлада 7,3 балдық жер сілкінісі болды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венесуэланың солтүстігіндегі 7,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды АҚШ геологиялық қызметі. 

Венесуэлада 7,3 балдық жер сілкінісі болды

Адам шығыны жоқ. Кейбір ғимараттарға зақым келгені хабарланып отыр. Жерасты дүмпулері бүкіл ел аумағы мен көршілес Тринидад және Тобаго мемлекетінде сезілген.

Зілзаладан кейін Венесуэланың, Гренаданың, Тринидад және Тобагоның жағалауда орналасқан қалаларында цунами соғу қаупі жарияланған.