Бұл аспап көлік жүргізушіге жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл белгілемей-ақ, тек қана ескертеді. Осындай жол белгілері Бурабай, Целиноград, Зеренді аудандарында және Көкшетау қаласында орнатылды. Аталған автожолдарда, әсіресе жаз айларында жолаушы көп.
– Белгілер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жылдамдық шамадан тыс асып кетсе, қызыл түс, егер қалыпты болса жасыл түс жанады, – дейді облыстық Ішкі істер департаментінің аға инспекторы, полиция майоры Айбек Хасенов.
Жыл басынан бері облыс бойынша жылдамдықты мөлшерден көп асырған 12 500 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылыпты. Ендігі арада жаңа аспап жол апатын азайтуға ықпал етпек.
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы