Әлем • 23 Тамыз, 2018

Қайрат Әбдірахманов: Кофи Аннан - БҰҰ тарихында өзіндік орны бар ерекше тұлға

249 реткөрсетілді

Әлемдік қоғамдастық Біріккен Ұлттар Ұйымының 7-ші Бас хатшысы Кофи Аннанмен қоштасуда.

К.Аннан Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихында өзіндік орны бар ерекше тұлға. Ол БҰҰ басшылығындағы Африканың бірінші өкілі. Ұйымның өзінде мансап құрған бірінші Бас хатшы. К.Аннан жаһандық қауіптерге қарсы тұру жолында ұйымның тиімділігін арттыруға бағытталған реформа жүргізді, АИТВ-пен күресуге көп күш салды және БҰҰ Жаһандық келісімін жүзеге асырды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы болған жылдары К. Аннан Бейбітшілік жөніндегі комиссияны және Адам құқықтары жөніндегі кеңесті құрды. 2001 жылы К.Аннан өзі басшылық еткен ұйыммен бірге «Әлемдегі берік бейбітшілікке және тиімді ұйымды қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін» Нобель сыйлығына ие болды.

К.Аннан аймақтық және этникалық қақтығыстарды оқшаулауға және олардың алдын алу мәселелеріне үлкен мән берді. Оның көмегімен 28 бітімгерлік операциясы өткізілді – бұл К.Аннанның аталған лауазымға келуіне дейін БҰҰ өткізген бітімгерлік операциялардан екі есе артық.

К.Аннан БҰҰ-ның Орталық Азия өңіріндегі рөлін күшейтуде маңызды рөл атқарды. Бас хатшы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына ұдайы қолдау көрсетіп отырды.

1994 жылы желтоқсанда Будапештте өткен ЕҚЫҰ саммитінде Президент Н.Назарбаев болуы мүмкін қақтығыстардың алдын алу және Орталық Азиядағы бейбітшілікті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы идеяларды ұсынды. К.Аннан Қазақстанның аталған бастамасын қолдады және Орталық Азияда БҰҰ-ның Бітімгершілік батальоны құрылды. Бұл аймақ мемлекеттерінің БҰҰ-мен бейбітшілік орнату саласындағы ынтымақтастығының алғашқы тәжірибесі болды.

К.Аннан Қазақстанға сапармен келген алғашқы БҰҰ Бас хатшысы. 2002 жылғы қазанда өткен ресми сапары аясында Президент Н. Назарбаев
К.Аннанға Бас хатшының жеке басын құрметтеу мен оның Біріккен Ұлттар Ұйымын дамытуға қосқан үлесін мойындаудың белгісі ретінде Қазақстан Республикасының І дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан халқына алғыс білдіре отырып Кофи Аннан қазақ тіліндегі «Достық» сөзі бүкіл әлемге қажет екендігін атап өтті.

«Нарықтық экономикаға өтуде үлкен нәтижелерге қол жеткіздіңіз, экономика мен инвестицияның айтарлықтай өсуін қамтамасыз еттіңіз, елдегі тұрақтылықты сақтай білдіңіз, аймақтық қақтығыстарды болдырмау жолында қандай көшбасшы болу керектігін көрсеттіңіз, ядролық қарусыздануға қатысты батыл шешім қабылдадыңыз», - деп атап өтті Бас хатшы. Сонымен қатар, К.Аннан Қазақстанды әлемнің басқа мемлекеттері үшін ұлтаралық келісім, тұрақты әрі орнықты дамудың үлгісі ретінде атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің көңіл айту жеделхатында: «Халықаралық деңгейдегі танымал саясаткер К.Аннан бүкіл ғұмырын әлемде тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға арнады. Осыдан біраз жыл бұрын Кофи Аннан сынды парасатты, адал әрі мейірбан тұлғамен таныстым. Жаһандық дамудың өзекті мәселелеріне қатысты ұстанымдарымыз ұқсас болатын. Мен әлі күнге дейін кездесулеріміз бен өзара әңгімелескен сәттерімізді жылы сезіммен еске аламын», - деп атап өтті.

К.Аннан реформатор, бітімгер және әлемнің шынайы азаматы ретінде жадымызда мәңгі қалмақ.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:34

Полицей сәбиді құтқарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Бүгін, 10:14

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • Бүгін, 09:52

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • Бүгін, 09:39

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • Бүгін, 09:27

Қызыл қырғын құрбандары

Тарих • Бүгін, 08:48

Би бейнелеген Шыңғысхан шындығы

Руханият • Бүгін, 08:38

Майдан тудырған сөз

Руханият • Бүгін, 08:37

Жарамсыз жолдардың жыры

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Ұқсас жаңалықтар