Президент • 23 Тамыз, 2018

Елбасы Атырау облысына жұмыс сапарымен барады

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы өңірдегі іргелі істермен танысып, облыс активімен кездеседі деп күтіліп отыр. Сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын бақылайды.

Елбасы Атырау облысына жұмыс сапарымен барады

Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының бірнеше әлеуметтік-экономикалық нысандарын аралайды. Президент баратын ең алғашқы нысан – «Дәулет нан серіктестігі». Мұнда Елбасы назарына нан өнімдерінен бөлек, кластерлік негізде құрылған кешенді өндіріс орындары таныстырылады.

Бұдан әрі Нұрсұлтан Назарбаев «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының интеллектуалды жобаларын көреді. Оның ерекшелігі қала орталығындағы кеңседен кен орындарын қашықтан басқаруға болады.

Сондай-ақ бүгін Президент баратын нысандардың қатарында қара алтын кеніштеріне металл бұйымдарын дайындайтын цех та бар. Соңғы екі жылдан бері ондағы өндірістің біршама бөлігі автоматтандырылған. Мұнда дәнекерлеуші, токарь сынды мамандардың жұмысын робот атқарады. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы жылына мың тонна металл бұйымын шығаруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы нысандарды аралап болған соң, облыс активімен кездеседі деп күтіліп отыр. Онда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев есеп береді.