Қазақстан • 23 Тамыз, 2018

Жәмила Әбдіқадырова Президент архивінің директоры болып тағайындалды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Өкімімен Әбдіқадырова Жәмила Юсупжанқызы Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жәмила Әбдіқадырова Президент архивінің директоры болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы М.Б.Қасымбеков Архив ұжымына жаңадан тағайындалған директорды таныстырып, жұмысына зор жетістіктер мен табыстар тіледі.

Ж.Ю.Әбдіқадырова Президент архивінде 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп, қатардағы маманнан директордың орынбасарына дейінгі барлық қызмет сатысынан өтті.

Сондай-ақ, М.Б.Қасымбеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығы атынан Архивтің бұрынғы директоры Борис Әликенұлы Жапаровқа мінсіз қызметі және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін алғыс білдіріп, оған ведомстволық марапат – «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісін табыс етті.