Аймақтар • 23 Тамыз, 2018

Ақтөбе облысында білім күнінде сегіз жаңа мектеп ашылады

166 реткөрсетілді

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында жаңа оқу жылына дайындық барысы қаралды.

Жиын барысында облыс әкімі мектептер мен балабақшалардағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуына, сондай-ақ оқулықтармен толық қамтамасыз етуге назар аударды.

Биылғы жылы облыста 9 490 оқушыға арналған 26 мектеп салынуда. Олардың сегізі 1 қыркүйекке дейін ашылады деп күтілуде. Барлығы ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 15 мектеп пайдалануға беріледі. 1,5 млрд. теңгеден астам сомаға 68 білім беру мекемесінде орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыруда.

Сонымен қатар 2018-2019 оқу жылына арналған оқулықтарды сатып алуға 1,6 млрд теңге бөлінді. Оларды білім беру ұйымдарына жеткізу 25 тамызға дейін аяқталатын болады. 1 қазанға дейін ауыл мектептері мен балабақшаларды жылытуға арналған сұйық және қатты отынды жеткізу жұмыстары аяқталады.

Білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның баяндамасын тыңдап, облыс әкімі жұмысты күшейтуді және барлық бағыттар бойынша қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясымен жұмысты жандандырып,  мүмкіндігінше көп балаларды қамту тапсырылды.

- Оқу жылының басталуына қатысты барлық сұрақтар тұрақты бақылауда болуы керек. Сондай-ақ 1 қыркүйекке дейін барлық мектептерді спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, материалдық-техникалық базаның барынша жаңартылуын қадағалаңыз, - деді облыс басшысы.

Сонымен қатар, жиын барысында «Туған жерге тағзым» акциясының орындалу барысы қаралды. Ағымдағы жылы аймақта жоба аясында жалпы сомасы 3,3 млрд. теңге болатын 778 жоба жүзеге асырылуы тиіс. 7 айдың қорытындысы бойынша құны 1,2 млрд. Теңгенің 502 жобасы аяқталды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Балқаш қол бұлғайды

Туризм • Бүгін, 10:55

Әділдіктің бағдаршамы

Қоғам • Бүгін, 10:26

Бұл – халқымыз үшін тарихи күн

Президент • Бүгін, 10:19

Зығыр өндіруден бірінші орында

Экономика • Бүгін, 09:49

Ұқсас жаңалықтар