Аймақтар • 23 Тамыз, 2018

Қарағанды облысының әкімі шахтаға түсті

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел экономикасындағы ең ауыр еңбектің бірі шахтерлердің еншісінде екені белгілі. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өңірдегі байырғы кен орындарының бірі Костенко атындағы шахтада болып, кеншілермен жүздесті. Өңір басшысы өзі де шахтаға түсті. Көміршілермен жұмыс барысында жүздесіп, олардың хал-жайымен танысты. Оларға Елбасы Н.Назарбаевтың кеншілердің еңбек жағдайын үнемі сұрап, бақылауда ұстап отыратынын жеткізді.

Қарағанды облысының әкімі шахтаға түсті

Қарағанды шахталарын басқаратын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ биылғы жылдың басынан бері еңбеккерлердің жалақысын 33,55%-ке арттырған.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасы жасалып, бұл құжатқа Қазақстан Республикасының инвестиция және даму жөніндегі министрі Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов және аталған компанияның бас директоры Парамжит Калон қол қойған болатын. Жол картасына сәйкес, «АрселорМиттал Теміртау» үш жыл ішінде Болат, Көмір және Кен департаменттерінің өндірістік нысандарына 305 млрд. теңге инвестициялайды. Жылдарға шаққанда, компания биыл 100 млрд. теңге, 2019 жылы 105 млрд. теңге және 2020 жылы тағы 100 млрд. теңге құймақ. Айта кету керек, былтыр компания тек 50 млрд. теңге инвестициялаған болатын.

Осы қаражаттардың есебінен өндіріс ошақтары жетілдіріліп, материалдық-техникалық тұрғыдан жақсартылып, шахтерлер еңбегін қауіпсіздендіру шаралары жүзеге асырылады. Индустрияның 4.0 стандарттары қолданылады. Алдағы уақытта әсіресе экология мәселелеріне баса көңіл бөлінбек.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ