Қазақстан • 23 Тамыз, 2018

«Әбу-Даби Плазада» өртке қарсы оқу-жаттығу өткізілді

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 тамызда Астана қаласы ТДЖ «Өрт сөндіру және авариялыққкутқару жұмыстары қызметі» ММ «Абу Даби Плаза» көп фвункционалды кешенінде өрттактикалық оқу жаттығуын өткізді.

«Әбу-Даби Плазада» өртке қарсы оқу-жаттығу өткізілді

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - адамдарды қауіпсіз жерлерге көшірудің әдіс-тәсілдерін қолдану, пысықтау және адамдар көп жиналатын ғимараттарда құтқару жұмыстарын жүргізу.

Оқу-жаттығу барысында шартты өрт шығуын жою және адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің қызмет көрсету персоналдарымен өзара іс-қимыл жасауы пысықталады. 

Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес дәнекерлеу жұмысын жүргізу кезінде 35-қабаттағы құрылыс материалдарының жанып, өрт 36-қабатқа жайыла бастады.