Президент • 23 Тамыз, 2018

Мемлекет басшысы «Жігермұнайгазсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

59 реткөрсетілді

Елбасы өнім өндіру көлемін, еңбек өнімділігін, металл өңдеу дәлдігін арттыруға, сондай-ақ адам факторына байланысты қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін, робот көмегімен дәнекерлеу әдісін қолдану арқылы металл конструкцияларын өндірудің технологиялық үдерісімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа зауытта ішкі нарыққа және экспортқа шығаруға арналған дайын өнім үлгілері көрсетілді.

Қазақстан Президенті кәсіпорын еңбеккерлерімен кездесу барысында өнеркәсіптің түрлі салаларында заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтіп, «Жігермұнайгазсервис» компаниясының өндірісін әртараптандырудың артықшылықтарын айтты.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар