23 Желтоқсан, 2011

Ұлттық компания басшылары ауысты

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің келісімімен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының шешімімен Ләззат Қиынов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ. Сол сияқты «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ басшылығында да кадрлық өзгерістер болды. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың басқарма төрағасы (бас директоры) болып Алик Айдарбаев сайланды, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.