23 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасының Заңдары

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2011 жылғы 29 тамызда Киевте жасалған Қазақстан Республи­ка­сы­ның Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Рес­публикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Респуб­ли­ка­сындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 21 желтоқсан.    №512-ІV ҚРЗ

* * *

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс (қорғау), төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

2009 жылғы 16 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Аза­мат­тық қорғаныс (қорғау), төтенше жағдайлардың алдын алу және олар­ды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісім рати­фи­ка­ция­лансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 21 желтоқсан.    №513-ІV ҚРЗ

* * *

Қазақстан Республикасының Заңы

Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны ратификациялау туралы

2003 жылғы 17 қазанда Парижде қабылданған Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 21 желтоқсан.    №514-ІV ҚРЗ