23 Желтоқсан, 2011

Жиырма жылдық даму нәтижесі айтылды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Консти­ту­ция­лық заңдылық – құқықтық мемлекеттің және тұлға еркін­ді­гінің негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияны Қазақстан Рес­публикасы Конституциялық Кеңесі Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен және Л.Н.Гумилев атын­да­ғы Еуразия ұлттық университетімен бірлесе отырып ұйым­дас­тырды. Конференцияға Парламент де­путаттары, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың бас­шы­лары, беделді халықаралық ұй­ым­дардың және өзге де үкіметтік емес институттардың өкілдері, сон­дай-ақ Қазақстанның және шет ­елдердің белгілі заңгер-ғалымдары қатысты. Конференция барысында Қа­зақ­стан Республикасының жиырма жылдық дамуының қорытындысы шығарылды. Қазақстан мем­ле­кет­ті­лігінің ажырамас белгісі ретінде конституциялық заңдылық режі­мі­нің қазіргі жай-күйіне және оны қам­тамасыз етуде Негізгі Заңның рөліне талдау жасалды. Оң тә­жі­рибе алмасылып, бұдан әрі даму жолдары нақтыланды. Форумға қатысушылар Қа­зақ­станда конституционализм идея­ла­ры мен принциптерін жүзеге асы­ру­дың қарышты үдерісі жүріп жа­тыр деген ортақ пікір білдірді, деп хабарлады Конституциялық Кеңе­с­тің баспасөз қызметі.