23 Желтоқсан, 2011

Жаңа энергоблок іске қосылды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұл күндері біздің еліміз қуа­ныш құшағында. Ел  Тәуелсіз­дігі­нің 20 жыл­­дығы қарсаңында Ел­ба­сының қа­ты­суы­мен өткен «Қуатты Қазақ­стан­ды бірге құрамыз» атты индус­трия­лық-инно­ва­циялық форум аясында ел өңірлерімен болған телекөпір кезінде Екібастұз МАЭС-2 стансасында жаңа энерго­блок­тың құрылысын бастауға рұх­сат берілген еді. Яғни, бұл ірі жобаның басталуы еліміздегі басқа да заманауи энер­го­блок­тарды тұр­ғызуға жол ашпақшы. Қа­з­ір жобаға сай  жұмыстар жүргізілуде. Ал біздің қолға алған жаңа жобаның құны – 113,5 млрд. теңгеге жуық болса, пай­далануға берілу уақыты 2014 жылға белгіленіп отыр. Сөйтіп, жаңа энерго­блоктың іске қосылуы нәтижесінде стан­саның қуаты 1000 мВт-дан 1600 мВт-ға дейін өсетін болады. Алып станса Солнечный кентінде орналасқан. Бұл – жас энергетиктер қата­ры көбейеді деген сөз.  Жаңа бас­тал­ған №3 энер­гоблок құрылысы кезінде 1300 адам жұмысқа алынады. Бұл күн­­дері стансада 1600-дей адам еңбек етеді. Бар­лық қазақстандық энер­гетик­терді еліміз­дің Тәуелсіздігі мейра­мы­мен құттық­тай­мын. Еліміз өркендей берсін. Қуатты, мығым елдер қатарынан кө­рі­нейік. Ғани СӘЛІМЖУАРОВ, «Екібастұз МАЭС-2 стансасы»  АҚ басқарма төрағасы. Павлодар облысы.