- Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші", баршаңызды бір кісідей атсалысуға шақырамын. Қазақ үлкенді құрметтеген халық. Сондықтан да жас ұрпақ сіздер айтқан кеңеске құлақ салары анық. Біреу білместікпен, енді біреу біле тұра осындай жағдайға барып жатады. Ал мұның соңы миллиондаған айыппұл немесе темір торға қамауға апарып жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың соңы неге апаратындығы туралы әңгімелер түрлі басқосуларда жиі айтылып тұрса, ақылға келетіндер көбейе түсері сөзсіз, деді департамент басшысы Нұргүл Жанназарова.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аяпберген Бишеновтың бастамасын аудандық аналар кеңесінің төрайымы Айғаным Төлесбаева қолдайтынын жеткізді. Қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген олар шетте қалғысы жоқ, өмірлік тәжірибесімен бөліспек.
Сондай-ақ, аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізіліп,сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуы, мемлекеттік қызмет саласындағы өзгертулер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық нормаларын сақтау мәселелері айтылды.Шараға аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат хатшысы, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы, бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік көрсететін квазимемлекеттік органдарының басшылары қатысты.
Аудан әкімі Қыдырберді Бековтың айтуынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіру, қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыру, құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқарту, қағазбастылықты азайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша түрлі шаралар жүргізілуде.
Қарақия ауданына жасаған жұмыс сапары аясында департамент басшысы Нұргүл Жанназарова және Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Қайролла Ережепов халықты жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталығында болып, Құрық және Жетібай ауылдарына барып азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдады. Аудан тұрғындарының дені жұмыссыздық, жастар практикасы, денсаулық, білім саласы және мемлекеттік қызметке жұмысқа тұру жөнінде сұрақтарға жауап іздеді. Барлық өтініштер бойынша жауаптар берілді.
Қарақия ауданынан бастау алған бұл шара алдағы уақытта облыстың басқа да аудандарында жалғасын таппақ.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы