Аймақтар • 25 Тамыз, 2018

Қарқаралы ауданында адасып кеткен отбасылық жұп табылды

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылдың 24 тамызда сағат 16:55-те кезекші пультіне Қарқаралы ауданындағы «Шахтер» демалыс үйінің аумағында отбасы мүшелерінің жоғалғаны туралы хабарлама түсті.

Қарқаралы ауданында адасып кеткен отбасылық жұп табылды

Оқиға орнына Қарақаралы ауданының ТЖБ қызметкерлері, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инспекторы құрамында іздестіру тобы шықты. Жоғалғандармен ұялы телефон арқылы байланыс болды. Сағат 18:00 шамасында адасқандар «Пашенное» өзенінің маңында табылды. Отбасылық жұп медициналық көмектен бас тартты.

Құтқарушылар орманға барарда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады: орманға барарда жақындарыңызға қайда баратыныңызды ескертіп, саңырауқұлақ жинауда немесе жидек тергенде нақты орныңыз бен аумағыңызды белгілеп, қайтар уақытыңызды қойыңыз және келген жолыңызды шамалай жүріңіз.