23 Желтоқсан, 2011

Сайлау үдерістеріне дайын

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанадағы учаскелік және аудандық сайлау комис­сияларының, сондай-ақ қалалық, аудандық әкімдік­тер өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес болып өтті. Жиында Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және мәслихаттар депутат­тары­ның кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу туралы әңгіме қозғалды. Астана қалалық сайлау комис­сия­сының төрағасы Мұхтар Ерке­таев­­тың семинар-кеңесте мәлім еткеніндей, медициналық мекемелер мен стационарларда, әске­ри бөлімшелерде, әлеуметтік медициналық ұжымдарда 31 сайлау учаскесі құрылған. Сайлау үдерістері кезінде Астанада үш аудандық сайлау комиссиясы, жиырма бес аймақтық және 233 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Ал сайлау үдерісіне екі мыңға жуық сайлау комиссиясының мүшелері тар­тылады. Семинар-кеңесте, сондай-ақ сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілік деңгейін арттыру, учаскелік сайлау комиссиясы мүше­ле­рі­нің жалпы жауапкершілігі жө­нін­де әңгіме қозғалды. Астана қалалық сайлау комиссиясы төр­аға­сының айтуынша, елордадағы учаскелік сайлау комиссиялары сайлау науқанына дайын. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.