Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов кәсіби рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Ол американдық боксшы Кристиан Агирремен Глендейлдегі (Аризона штаты, АҚШ) «Gila River Arena»-да кездесті. Алты кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы мына ұпайлармен 59-55, 59-55, 60-54 жеңіске жетті.