Қазақстан • 26 Тамыз, 2018

Дидар Әмірәлі каратеден Азия ойындарының күміс жүлдегері

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каратеші Дидар Әмірәлі Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Дидар Әмірәлі каратеден Азия ойындарының күміс жүлдегері

Ол финалда кувейттік қарсыласы Әли Абдуазизге 0:4 есебімен жол беріп, Азия ойындарының күмісіне қол жеткізді. 

Дидар Әмірәлі 1/16 финалда Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысын ұтса, 1/8 финалда Таиланд өкілінен басым түсті. 

Ширек финалда Шри-Ланка спортшысын тізе бүктірген Дидар жартылай финалда индонезиялық каратешіні жеңді. 

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі