Президент • 27 Тамыз, 2018

Стратегиялық серіктестік нығая түседі

192 реткөрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев саммит басталмас бұрын Тү­рікменстан Пре­­зиденті Гур­бангулы Бер­­ді­мұхамедовпен кез­де­сті. Кездесу кезінде Президенттер Халықаралық Аралды құтқару қоры сам­ми­тінің маңыз­ды­лы­ғын атап өтті.  

Қазақ­стан Президенті жоғары дең­гейдегі тұрақты кездесу­лер екі тарап­тың да стра­те­гия­лық се­рік­тестікті одан әрі ны­ғай­туға мүд­делі екендігінің айқын көрінісі саналатынын айтты.

– Мемлекеттеріміз арқылы өтетін Әмудария мен Сырдария өзен­дері бассейндерінің мә­се­лелерін талқы­лай­мыз. Бұл екі өзен біздің балалары­мыз бен не­ме­ре­лерімізге өмір сый­лай­ды. Осы проблемаларды бір­лесе талқы­лаудың маңызы зор, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан басшысы сам­миттің Тү­рікменстанда дер кезін­де өткізіліп отырғанына тоқталып, Халықаралық Арал­ды құт­қару қорының бұған дейін­гі саммиті 2009 жылы өткенін атап өтті.

– Мен бауырлас Түрік­мен­станның даму барысын жіті қадағалап отырамын. Түрікмен халқына барлық жақсылықты тілеймін, – деп түйіндеді Қазақстан Президенті.

Ал Гурбангулы Берді­мұха­медов Нұрсұлтан Назарбаевқа ілтипат білдіріп, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысына шақыруды қабыл алғаны үшін алғыс айтты. Және Қазақстан Президентін Бесінші Каспий саммитінің табысты өтуімен және тарихи құжат – Каспий теңізіне қатысты конвен-
цияға қол қойылуымен құттықтады.

Екі ел көшбасшылары Жол кар­тасын іске асыру, көлік-тран­зит саласындағы ынтымақ­тас­тықты дамыту, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін қарастырды.

Соңында Гурбангулы Бер­ді­мұхамедов Нұрсұлтан Назар­баевты және барша Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан» –

Түрікменбашыдан

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • Бүгін, 09:39

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • Бүгін, 09:27

Қызыл қырғын құрбандары

Тарих • Бүгін, 08:48

Би бейнелеген Шыңғысхан шындығы

Руханият • Бүгін, 08:38

Майдан тудырған сөз

Руханият • Бүгін, 08:37

Жарамсыз жолдардың жыры

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Ұқсас жаңалықтар