23 Желтоқсан, 2011

Жастармен жұмыс жақсарады

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21 желтоқсанда «Ақ жол» ҚДП бас­шы­лы­ғының жастар ұйым­дары жетекшілерімен кездесуі өтті. Оған «Жас маман», «Ауыл жас­та­ры одағы», «Болашақ» және т.б. қо­ғамдық бірлестіктердің өкіл­дері, бизнес-қауымдастықтардың жас жетекшілері мен кәсіпкерлер қатысты. «Соңғы кездері «Ақ жол» партиясына кіргендердің басым көпшілігі жастар. Соның бірі – Парламент Мәжілісі депутат­ты­ғы­на ең жас кандидат ретінде 26 жастағы Еркебұлан Ілиясов тіркеліп отыр. Ол Кентау трансформатор зауытының вице-президенті, «Жас маман» бірлестігінің көш­бас­шысы. Осыған орай, партия басшылығы жастармен жұмысқа айрықша мән беруде. Бұл бағыт Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігіне тапсырылды»,  деп атап өтті А.Перуашев. Кездесуге қатысушылар сай­лау­алды тұғырнаманың негізгі ере­желерін қолдады, оның үстіне партияның бастамашыл жастар то­бымен дайындалған көптеген ұсы­ныстар сайлауалды құжатқа енгізілді. «Ақ жолдың» кәсіпкерлікті да­мыту туралы ұсыныстары жастар бизнесін дамыту және тұтас ел экономикасының дамуының жа­һан­дық жетістіктеріне жастар­дың өз үлестерін қосу бойынша іс жү­зін­дегі ынталандыру болады», – деді «Агромашхолдинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы  Д.Ким. Кездесу соңында партия төр­ағасы А.Перуашев жас әріп­тес­те­рін алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәсли­хат­тар сайлауларында дауыс беруге белсене қатысуға шақырды. Алдыңғы күні сондай-ақ «Ақ жол» партиясы мен Қазақ­стан­ның ұлттық агро­өнер­кә­сіп па­ла­тасы арасында Ынты­мақ­тастық туралы меморандумға қол қойылды.  Қарашаш ТОҚСАНБАЙ. АСТАНА.