Әлем • 28 Тамыз, 2018

Гагадағы халықаралық сот Иранның АҚШ-қа қарсы сот процесін тыңдауды бастады

2042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гагадағы халықаралық сот Иранның АҚШ-қа қарсы сот процесін тыңдауды бастады, деп хабарлайды euronews.com.

Гагадағы халықаралық сот Иранның АҚШ-қа қарсы сот процесін тыңдауды бастады

Ислам Республикасы жаңа американдық санкциялардың күшін жоюды талап етті. Иран өкілдері құқықтық негіз ретінде 1955 жылғы Достық және экономикалық қатынастар туралы келісімді алға тартты.

«Бұл саясат – менің елімнің экономикасына қарсы агрессия. Бұл жағдайда «агрессия» сөзі асыра айтқандық емес. Америка Құрама Штаттарының басты мақсаты – Иранға барынша зиян келтіру», деді Иран мемлекеті Президентінің кеңесшісі.