24 Желтоқсан, 2011

Қолдауға шақырамыз!

371 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студент жастарының Жаңаөзен қаласындағы оқиғаға байланысты үндеуі

Биылғы жылдың 16-шы желтоқсанында қа­зақ­стан­дықтар аса маңызды, қасиетті мерейтой – ел Тәуел­сіздігінің 20 жылдығын зор қуаныш­пен атап өтіп жатқан сәтте осы бip қайғылы әpi қacipeттi оқиғаның орын алуы өте өкінішті. Бүкіл халқымыздың ортақ бақытына бi­pi­гiп қуанудың орнына, жаңаөзендік отандас­та­рымыз бел­гі­сіз саяси топтардың жетегінде кетіп, ел ты­ныш­ты­ғын бұзып, ұлттық мей­рамымыздың берекесін қашырып, әлемдік қауымдастықтың алдында абыройымызды төк­ті. Көптеген дамыған елдердің ұзақ жыл­дар ішінде шыққан биігіне бар-жоғы жи­ыр­ма жылда ғана қол жеткізген Қазақстан Рес­пуб­ли­касының қоғамдық тату­лығы мен саяси тұрақты­лығына қарсы шыққан кepi пиғыл­дағы күштердің іс-әрекетін шектен шық­қандық деп бағалаймыз. Әлем қызыға да қызғана қарайтын бейбіт­шілікті ту еткен елімізде мұндай оқиға­ның орын ал­ға­нына әлі де сене алар емеспіз. Ор­та­лық алаңға мерекені атап өтуге келген бейбіт халыққа қол көтеру көңілге қайғы мен өкі­ніш сезімдерін ұялатып, көзге жас үйіртеді. Біздің ата-бабамыз төзімділік пен сабыр­лылық­тың ерекше үлгі-өнегесін көрсетіп, бізге – Алаштың ұрпақ­тарына аманат eтті. Қазақ халқы ел ішінде ту­ын­да­ған дауларды шешуде ешқашан да асығыс­тық пен қызу­қандылыққа жол бермей, ортақ мә­мілеге келіп отырған. Біз, Қазақстанның әpбip азаматы үшін қастерлі саналатын – Тәуелсіздік күні Жаңа­өзендегі қақты­ғыстың орын алғанына алаң­дау­шылық білдіріп, ондағы заңсыз әрекет­терді айыптаймыз. Біз, Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен бейбіт әpi үдемелі және байыпты дамуын қалаймыз. Гүлденген Қазақстанды құруда, Тәуел­сіз­ді­гі­міз­ге нұқсан келтіретін топтармен жолы­мыз бөлек. Біз, Тәуелсіз Қазақстанның жастары, мемлекет Тәуелсіздігін көзіміздің қарашығындай сақтауға дайынбыз және келеңсіз оқиғаларға жол бермейміз! Осындай сын сағатта баршаңызды Ұлт көш­бас­шы­сы – Елбасымыздың төңірегіне ты­ғыз топтасуға, Қа­зақстанның болшағы үшін еңбегімізді еселей түсу­ге және осы үндеуді бip кісідей қолдауға шақырамыз!

Үндеу 2011 жылдың 19 желтоқсанында ОҚМУ студенттерінің кезектен тыс жалпы жиналысында мақұлданып, қабылданды.