Қазақстан • 28 Тамыз, 2018

Еуразия Ұлттық Университетінде заманауи үш жаңа жатақхана салынады

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2467 орынға арналған үш заманауи жаңа жатақхана салынады, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Еуразия Ұлттық Университетінде заманауи үш жаңа жатақхана салынады

Бес қабатты заманауи Студенттер үйі Ахмет Байтұрсынов және Кенен Әзірбаев көшелерінің қиылысынан бой көтермек. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес құрылыс мәселелері бойынша құзырлы орындармен келісім жасалып, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге келісімшарт түзілді. Қызметтерді орындау мерзімі - қараша айының басы. Жобалық-сметалық құжаттама қолға алынғаннан кейін, құрылыс жүргізу басталады.

Бұл Елбасының бес әлеуметтік бастамасы: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» негізінде жүзеге асқалы отыр.