Аймақтар • 29 Тамыз, 2018

Ақтауда әскери қызметшілер 25 отбасыға көмек көрсетті

129 реткөрсетілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясына қолдау білдірді.

Жаңа оқу жылы қарсанында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталып кетті. Биыл осы әлеуметтік бастамадан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері де тыс қалмай, 50-ге жуық оқушыны мектепке әзірледі. Алайда, акцияның қыркүйек айының аяғына дейін созылуына байланысты оқушылардың саны әлі көбеюі мүмкін.

Аталмыш қайырымдылық көмек әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметімен, көпбалалы және белгілі бір себептермен тағдыр қыспағына түскен отбасыларға көрсетілді. Әскери қызметшілер оқушыларды мектепке қажет құралдармен, киім-кешектер мен канцеляриялық тауарлармен қамтамасыз етті.

 Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің бастығы Эльвира Ақынбаеваның айтуынша, бастаманың басты мақсаты – көпбалалы, толық емес, ата-анасының қарауынсыз қалған отбасыларды ұмытпай, оларға көмек көрсету. Осы акцияның арқасында, тағы да онға жуық отбасыға қолдау көрсетеміз деген жоспарларын бар екенің айтып кетті.

«Батыс» өңірлік қолбасшылы түрлі акциялар мен әлеуметтік бағдарламаларға ұдайы  қолдау көрсетіп отырады, «Мектепке жол» акциясы болса кең көлемде биыл төртінші мәрте өткізілуде. Биыл барлық көпбалалы әскери қызметшілердің отбасыларына толықтай көмек көрсетілді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Бүгін, 10:14

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • Бүгін, 09:52

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • Бүгін, 09:39

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • Бүгін, 09:27

Қызыл қырғын құрбандары

Тарих • Бүгін, 08:48

Би бейнелеген Шыңғысхан шындығы

Руханият • Бүгін, 08:38

Майдан тудырған сөз

Руханият • Бүгін, 08:37

Жарамсыз жолдардың жыры

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Ұқсас жаңалықтар