Қазақстан • 30 Тамыз, 2018

Мемлекеттің мызғымас темірқазығы

715 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Ата Заң – мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Қазақстан жаңа Конституция қабылдау арқылы жаңа дәуірге қадам басты. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи оқиға болды.

Мемлекеттің мызғымас темірқазығы

Жүздеген жылдар бойы қа­лыптасқан адамзат баласы­ның жалпы құндылықтары қам­тылған Конституциямыз – бе­реке-бірлігіміздің, әлеуетті мем­лекет құруымыздың айғағы. Сондай-ақ Конституция күнін ұлық мереке ретінде атап өтуіміз елдігіміздің айқын көрінісі.

Бірқатар қиындықтарды еңсеріп, біз бүгінгі таңда мыз­ғымас мемлекет пен айбары асқан қуатты ұлтқа, табысты елге айналдық. Қазіргі таңда ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегендеп, ірге­мізді мызғымастай етіп бекіт­тік. Ғасырлар бедерінде тағдыр то­ғыстырған, тарих табыстырған түрлі этнос өкілдері Консти­туция қағидаттары төңірегіне топтасып, елдік деген асыл құндылықты дәріптеп, бір ел, бір халық болып біріктік. Еуразияның жүрегіне орна­лас­қан елордамыз әлемге дүние­жүзілік руханияттың ордасы ретінде танылды.

Әрбір азаматы емін-еркін сезінетін, жайдары өмір сүретін, татулығы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бү­гінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өрке­ниеттік игіліктердің барлы­ғы қамтылғанын дәлелдейді.

Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялайды. Оның демократиялылығы, ең алдымен, мемлекет ішінде ха­лық билігін қамтамасыз етуі­нен көрінеді. Ата Заңның 3-бабы­ның 1-тармағында мемле­кеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық делінген. Бұл конс­титуциялық норма Қазақстан­ның халықтық мемлекет екендігін білдіреді.

Кез келген мемлекеттің, ел­дің тәуелсіздігін, демократия­лық құндылықтарын айқын­дай­тын негізгі құжаты – Консти­туция. Онда мемлекеттің бар­лық құрылымдарының, жеке азаматтардың, этностардың, әлеуметтік топтардың мақсат­тары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Конституция – мызғы­мас мемлекетіміздің темірқ­азығы, бірлігі мен ынты­мағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келе­шегіміздің кепілі. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміз­дің қайнар бастауына айнал­ды. Конституциямызда адамдар­дың табиғи құқықтары мен бос­тандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстанда азаматтық қоғам құру туралы дүние жүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. 

Конституциямызда айтыл­ғандай, еліміздің ең басты қазы­насы – адам, оның құқығы мен бостандықтары болып табылады. Аталған құжат ұлан-ғайыр елімізде бірлігіміз жарасып, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», тату-тәтті өмір сүруіміздің кепілдігі мен айқын нышаны болып табылады.

Ата Заңымыздың талаптарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елімізде тұрақ­тылық пен татулық орнықты. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсті. 

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырды. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп айқындалды. Ал Консти­туцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құр­меттейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені біздің Ата Заңымыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.

Осылайша мемлекетіміздің Ата Заңы халқымыздың тәуелсіз ел болуды армандаған мүддесін заң тілінде айшықтаған, әлемге Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен құқықтық құжат болып табылады. Осы Конс­титуциямен еліміздің мем­лекеттік тұғыры нығайды, оның басқару тетігі бір жүйеге келді. 

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев өзінің «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының қорытынды бөлімінде: «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға тү­бегейлі жаңғыру және жаңа идея­лар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін», деп ке­лешекке кемел оймен үн тастайды. 

Ата Заңымыздың өміршең­дігі, демократиялық табиғаты туралы қазақстандықтар да, шетел азаматтары да жиі жылы лебіздер айтып, болашағымызға зор сенім білдіріп келеді. Оны бүгінгі биігімізден баға­ласақ, қазақстандықтардың оның негізгі түйіндеріне тыныш­­тықтың, күнделікті берекелі өмір ағысының бас кепілі ре­тінде құрметпен қарайтыны ешбір күмән туғызбайды.

Конституция өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан қазіргі кезде басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Рес­публика Конституциясына де­г­ен дәстүрлі құрметін дамыту. Егер біз осы міндетті орындасақ, алдыңғы қатарлы Қазақстан мемлекетінің қалыптасқаны. Ең алдымен, әркiм Қазақ­стан Республикасының Консти­туция­сын және заңдарын сақ­тауға, басқа адамдардың құқық­тарын, бостандықтарын, абы­ройы мен қадiр-қасиетiн құр­меттеуге мiндеттi. 

Осы тұрғыдағы ойымызды Елбасының сөзімен аяқтасақ: «Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табыс­ты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлы­­ғымыз өтуге тиіспіз. Біздің мін­дет

– Конституцияға аса ұқып­тылықпен қарау. Өзіміздің елі­мізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдай­да Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ».

Қорытындылай келе, барлық қазақстандықтарды 30 тамыз – Конституция күнімен құттық­тай отырып, әрбір шаңы­рақ­қа шырайлы шаттық, бақ-бе­ре­ке, қазыналы қуаныш, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Әрқа­шан болашағымыз баянды, келе­ше­гіміз кемел әрі еліміз еңселі, жас­тарымыз көшелі болсын!

Асқар МҰСТАБЕКОВ, 

полковник, Қазақстан Қарулы Күштері Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы