Футбол • 30 Тамыз, 2018

Еуропа лигасы: Топтық кезеңде сынға түсетін командалар белгілі болды

1241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінде сынға түсетін командалар құрамы толық анықталды, деп хабарлайды sports.kz.

Еуропа лигасы: Топтық кезеңде сынға түсетін командалар белгілі болды

Еуропа лигасының топтық кезеңіне 17 команда бірден жолдама алды. Ал 21 команда доданың іріктеу кезеңдері арқылы қосылды.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде жеңіліп қалған 6 команда да олардың қатарын толықтырды. Оған қоса Чемпиондар лигасының лига өкілдері жолы негізінде үшінші іріктеу кезеңінде жеңілген командалар да енді Еуропа лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды.

Жалпы алғанда, Еуропа лигасында барлығы 48 команда УЕФА рейтингіндегі орындарына байланысты 4 себетке бөлінген. Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ командасын сүріндірген «Астана» екінші себетте.

Бірінші себет: «Севилья» (Испания), «Арсенал» (Лондон, Англия), «Челси» (Англия), «Зенит» (Ресей), «Байер» (Германия), «Динамо» (Киев, Украина), «Бешикташ» (Түркия), «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия), «Олимпиакос» (Грекия), «Вильярреал» (Испания), «Андерлехт» (Бельгия), «Лацио» (Италия).

Екінші себет: «Спортинг» (Лиссабон, Португалия), «Лудогорец» (Болгария), «Копенгаген» (Дания), «Марсель» (Франция), «Селтик» (Шотландия), ПАОК (Грекия), «Милан» (Италия), «Генк» (Бельгия), «Фенербахче» (Турция), «Краснодар» (Ресей), «Астана» (Қазақстан), «Рапид» (Аустрия).

Үшінші себет: «Бетис» (Испания), БАТЭ (Беларусь), «Карабах» (Әзербайжан), «Динамо» (Загреб, Хорватия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Франкфурт» (Германия), «Мальмё» (Швеция), «Спартак» (Ресей), «Стандард» (Бельгия), «Цюрих» (Швейцария), «Бордо» (Франция), «Ренн» (Франция).

Төртінші себет: «Аполлон» (Кипр), «Русенборг» (Норвегия), «Ворскла» (Украина), «Славия»(Прага, Чехия), «Акхисар Беледиеспор» (Түркия), «Яблонец» (Чехия), АЕК (Ларнака, Кипр), «Види» (Мажарстан), «Рейнджерс» (Шотландия), «Дюделанж» (Люксембург), «Спартак» (Трнава, Словакия), «Сарпсборг 08» (Норвегия). Жеребе тарту рәсімі Астана уақытымен 17.00-де басталады. Бұл рәсім Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.