24 Желтоқсан, 2011

Адасқанның алды жөн, арты соқпақ

743 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Тәуелсіздігімізді ұлықтап, жасампаз еліміздің татулығын сақтау барлығымыздан күш-жігерімізді аянбай жұмсауды талап ететіндігі ақиқат. Тәуелсіздіктің 20 жылы Қазақ­стан, қазақ халқы үшін әлеуметтік-эко­номикалық, саяси және рухани жа­ңару кезеңі болды. Тарихтың еншісіне айналып үлгерген жиырма жылда Қа­зақ­стан саяси белсенділігімен әлемдік қауым­дастықта алдыңғы қатарлы дамыған елдермен терезесі тең мемлекетке айналды. Еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, беделді мемлекеттер мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Астана Сам­миті­нің, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ съезінің өтуі, Ислам Ынты­мақ­тас­ты­ғы Ұйымына төрағалық етуі, аймақтық, оның ішінде ТМД аясында экономикалық бірлестіктер мен инте­гра­циялық үр­діс­терді да­мыту – осының айғағы. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Бірақ оны сақтау, қорғау және дамыту одан да қиын. Сондық­тан Тәуелсіздіктің нә­ти­жесінде қол жеткізген құндылықтарды уы­сы­мыздан шығармай, еңбектегі табыстарымызбен, қоғамдық өмірдегі белсенді позициямызбен еселей түсуіміз керек. Осындай игі мақсаттар мен ұлағаттарды жадымыздан шығармай да­мытуда Жаңаөзендегі орын алған келеңсіз жағдайда жастардың азғырушыларға ілесуі, жазықсыз адамдардың өмірінің қиы­луы, ғимараттар мен әлеуметтік нысан­дардың қирауы қатты қынжылтып, на­разылығымызды тудырды. Енді жағдайды тез арада толық қалпына келтіруге жұ­мы­ла кірісіп, халқымызға тән сабырлылық, байсалдылық және парасаттылық танытайық. Сонда кез келген мәселені шешуге болады. Мен Елбасы Н.Назарбаевтың Маң­ғыс­тау облысына, Жаңаөзен қаласына сапа­рындағы айтқан сөздерінен осыны ұқтым. «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деген. Елбасының салиқалы саясатын қол­дап, мәселеге айналған әрбір түйінді ақыл-парасатпен шеше білсек, Жаңаөзендегі ашу-ыза мен сабырсыздықтың салдарынан орын алған қантөгіс пен ғимараттарды өртеу, қарапайым адамдардың дүниесін тонау, бүлдіру деген сорақылықтар болмас еді. Ағайын, «ашу дұшпан, ақыл дос», Тәуелсіздік жылдарындағы тарихымызды зерделеп, ой елегінен өткізіп, еліміздің әлемдік аренадағы бүгінгі жетістіктеріне құрметпен қарайық. Бейбіт халқымыздың тыныштығы мен сәбилердің сыңғырлаған күлкісі әрбір қазақстандық үшін қымбат. Сондықтан, Елбасының сарабдал саясатын қолдау, еліміздің қарыштап дамуына үлесімізді қосу – әрбір қазақстандықтың міндеті. Еңсе тіктетер елдіктің үлгісі де осындайда көрінеді емес пе?!. Асқар ӘБДУӘЛІ, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Жамбыл облысы.