24 Желтоқсан, 2011

Бұл өте дұрыс шешім

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жаңаөзен қаласындағы жап­пай тәр­тіп­­сіз­дік, бұза­қы­лық, жат пиғылды адам­дар­дың жұ­мыс­тан босап қалған мұ­най­­шылар  мен «Өзен­мұ­най­газ» компаниясы бас­шы­лығы ара­сындағы ұзаққа со­зылған ең­бек дауын пай­да­ланып, сүт­тей ұйыған татулық пен ынты­мақ­тастыққа сызат түсірген теріс әрекеттерін шы­ғысқа­зақ­стан­дық­тар да батыл айыптап отыр. Осындайда сонау  1992 жылғы Өскемен қа­ла­сындағы бір топ кавказдық бұ­зақы­лар­дың төрт жас жігітті бауыздап, соңы үлкен дау-дамайға ай­на­лып ба­рып, әрең де­генде тоқ­та­тылғаны еске тү­седі. Сол сын сәтте Ел­басы Н.На­зар­баевтың тап­­сырма­сы­мен құ­рылған Үкі­­­­меттік коммиссия мүше­лері тол­қыған жастармен кездесіп, Елбасының сә­ле­мін жеткізген еді. Елбасы Н.Назарбаев қиын кезде дұ­рыс шешім қабылдап, дүр­лігуді бас­қаны есімізде. Мұны неге еске алып отыр­мын? Жаңа­өзендегі жаппай тәртіпсіздікке кінәлі адамдар қазір шет жақта жүр деп естідік. Оларды ұстап, қатаң жа­уап­қа тарту керек. Себебі, олар ең алдымен, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуел­сіздіктің 20 жылдығы тойла­нып жатқан  кезде қоғамға жат әрекеттерін жүзеге асырды.  Бірнеше кінәсіз адам қаза тапты. Қазақстандағы  жүзден астам ұлт өкілдері қазір бұл жат әрекетті батыл айыптауда. Елбасы Ақтау қаласында өткен актив жиынында, Жаңа­өзен қаласында тұрғын­дар­мен кездесу кезінде айыптыларды қатаң жазалайтынын айтқаны белгілі. Шынында да, «Самұ­рық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» компа­ния­сының басшылары еңбек дауын дер кезінде шешу жөніндегі Президенттің тап­сыр­­ма­сын орындамай, қала­дағы жағдай дұрыс­та­лып келеді, барлығы оң шешіледі деп бұрыс ақпарат берген. Елбасы осы жайлы жинал­ған­дарға айта келіп, зардап шеккен адам­дарға көмек болатынын, қай­тыс болғандар отбасы­ларына материалдық қолдау жасай­тынын айт­ты. Үкімет үш миллиард теңгеден астам кө­мек көрсетпек. Елбасы Жаңаөзенде болған кезде көптеген тұрғын­дармен жолығып, мәсе­ле­нің анық-қанығын анықтады. Ме­нің­ше, сын сәтте Елбасы тағы да халықты бірлік пен тату­лыққа шақырып, Жаңаөзен қа­ласының жағдайына назар аударатынын ескертті. Ендеше, жаңаөзендіктерді сабырлы­лық­қа үндеп, ел мен жердің көркейе беруіне үлес қосуға шақырамын. Болатбек ИМАНҒАЛИЕВ, Сыртқы істер министрлігінің Өскемен  қаласындағы консулы,  Қатонқарағай ауданының құрметті азаматы. ӨСКЕМЕН.