Әлем • 02 Қыркүйек, 2018

Қырғызстанда III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталады

705 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қырғызстанда III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталады. 

Қырғызстанда III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталады

Жарыс Шолпан-Атада 2-8 қыркүйек аралығында 37 ұлттық спорт түрінен өтеді. Оған әлемнің 80 елінен үш мыңға жуық адам қатысады. Қазақстан құрамасы сапында 200-ден астам спортшы бар және олар спорттың 30 түрінен ел намысын қорғайды. 

Айта кетейік, бұл шара көшпенділер өркениеті мұрасын сақтауға әрі оны қайта жаңғыртуға арналған.