Күрес • 02 Қыркүйек, 2018

Қазақстандық балуандар тәжік күресінен екі қола медаль жеңіп алды

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанда өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бірінші күні қазақстандық балуандар Тәжікстанның ұлттық спорты – Гуштини милли камарбанди (белбеу күресі) күресінен екі қола жүлде иеленді. 

Қазақстандық балуандар тәжік күресінен екі қола медаль жеңіп алды

68 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен балуанымыз Мұратхан Берікбол алғашқы қола медальдің иесі атанды. Бұл салмақтың алтыны қырғызстандық балуанға бұйырды.

Аса ауыр салмақта сынға түскен Мақсат Жанділдаев жартылай финалда есе жіберіп, қола жүлдені місе тұтты.

Сондай-ақ 82 келі салмақ дәрежесінде Башқұртстан балуанына тең келер ешкім болмады.

Көшпенділер ойындары 2-8 қыркүйек арасында өтеді. Биылғы сайысқа 80 елден 3000-нан астам сайыпқыран келген. Олар 37 этноспорт түрі бойынша сынға түседі. Спортшылар 174 алтын, 173 күміс, 247 қола медальді сынға салады. Ойындардың жалпы қоры – 28 миллион сомға жуық.