24 Желтоқсан, 2011

Түгел болсақ, төбедегі келеді

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жаңаөзенде орын алған келеңсіз оқиғалар бәрімізді алаңдатты. Ел басына ауыр күн туған шақта Қазақстан халқы бірауыздылық танытты. Ел­ба­сымыздың Қауіпсіздік Кеңе­сінің отырысында жаңа­өзен­діктерді ақылға және байсал­дылыққа шақырған сөздері қа­зақстандықтарды ортақ мақсат жолына одан әрі берік топ­тас­тыра түсті. Президент ендігі міндет жаппай тәртіпсіздік сал­дарынан істен шыққан ны­сандарды қалпына келтіру, орын алған әлеу­меттік-эко­но­микалық проблема­лар­ды жедел шешу, басты құн­дылы­ғы­мыз – Тәуел­сіз­дікті табанды қор­ғаудың қажеттігін атап көр­сетті. Бірқа­тар мәсе­лелер бой­ын­ша Үкі­метке нақ­ты тапсыр­ма­лар берді. Қазіргі уақытта Жаңа­өзен­дегі жағ­дай­дың тү­зеліп, қалыпты тіршілік арнасына түскенін көріп қуанып отырмыз. Қиын сәтте қорғаушымыз, қолдаушымыз бар, ол Елбасы екенін кереметтей сезіндік. Қазақстан – ортақ үйіміз, қасиетті қарашаңырағымыз, құтты мекеніміз.  Өзгенің жетістігіне балаша қуа­нып, қай­ғысына қа­бырғасы қайы­сатын халық ата-бабамыз мирас етіп қал­дырған қасиетті дәстүрлерді жоғалтпағанын тағы бір айғақтады. Со­ның жарқын үлгісін Мемлекет басшысы қа­сиет­ті де киелі Маң­­ғыстау жерінде болған жұмыс сапа­рында кө­ріп-білдік.  Нұрсұлтан Әбішұлы Жаңаөзен тұрғын­дары­мен, ең­бек ұжымдарымен кездесіп, жеке қолдау көрсетті. Ел бірлігі  татулықта, өзара келісімде екеніне көзімізді  тағы бір жеткізді. Осы бір  оқиға Қазақстан халқының ұйымшылдығын, топ­тасқандығын тағы бір сын тезіне салды. Осындайда «алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген сөз бар. Алдағы уақытта келеңсіз бейбере­кетті­ліктің себеп-салдарлары мұ­қият зерттеліп, сабақ аларлық қоры­тын­ды шығарыларына сенеміз. Еңбек дауын дер кезінде шешу жөніндегі тапсыр­ма­лар­дың орындалмауы жекелеген адамдардың наразылығын ту­дырып, оның соңы әлдекім­дердің қолшоқпарына, қол­жау­лығына айналуына соқ­тыр­ғанын Елбасы ашық айтты. Осы жағынан сақтан­дырып,  мемлекет заңсыз­дықтың кез келген әрекетіне қатаң тос­қауыл қоятынын атап көрсетуі халық тілегімен орайласып жатыр. Назымбек ОРАЗЫМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы.