24 Желтоқсан, 2011

Жаңаөзен жаңа өмірді бастады

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аршындап алға ба­су­дың қуанышын көтере ал­майтындар да болады. Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баевтың Жаңаөзенге са­парында айтқан сөздері­нен осыны ұғамыз. Қазір ақыл мен парасаттың сы­налар шағы туғандай. Мен Қа­зақстан тәуелсіздігінің тұғырын биіктеткен азаматтардың терең ойлайтынына, опық жегізер істің астарына терең бойлайтынына сенемін. Олай болмауы мүмкін де емес. Қастерлі Отанымыздың асыл мұраттары қағыс қадам­дарды көтермейді. Оқыс оқиғаның тиісті бағасы беріліп те жатыр. Облыс әкімі мен мұнай компанияларының басшылығына жаңа азаматтардың келуі ащы сабақтың қайтарымы болғандай. Біздің қасиетті Отанымызда халықтың арман-тілегі мен рух  қайнарларын аяқасты қылуға ешкімнің хақысы жоқ. Елба­сы­мыз кикілжіңнің себеп-салда­ры­ның басын ашып көрсетті. Шұ­ғыл шаралар қолданы­лып жатыр. Қала­ның қайта қал­пына келуіне бүкіл қа­зақстандықтар қол ұшын беруде. Бізді айрықша қуан­т­қан­ды, жұ­мыс­­тан шы­ғарыл­ған жастар­дың қай­тадан еңбек ұжым­да­ры­на оралатын­ды­ғы. Халқымыз «адас­қанның айыбы жоқ, қайта ай­налып қазығын тапса» дейді. Жүрегі жараланған заман­дастарым сана сілкінісінен өтті, туған елінің қымбат қасиет­терін шындап сезінгені анық. Жаппай жазалауға жол бермеген, оқи­ғаның түп-тамырын сараптап саралаған Президентімізге ри­замыз. Бүкіл Қазақстан жастары елдің, Елбасының сенімін абы­роймен ақтайтыны даусыз. Бейбітшілік, ынтымақ, береке елінде көк байрағымыз биіктей берсін. Ләззат ҚОНАРБАЕВА, Родина ауылдық округінің әкімі. Ақмола облысы, Целиноград ауданы.