Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2018

Астанада автобус жолақысын төлеудің жаңа нұсқасы ұсынылды

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Astana LRT қоғамдық көлік жолақысын QR-кодпен төлеу амалдары түсіндірілді.

Астанада автобус жолақысын төлеудің жаңа нұсқасы ұсынылды

Жолақыны QR-кодпен төлеу «SMSBus Жолаушы», «Мой Beeline» (егер Beeline абоненті болсаңыз), Homebank (егер сізде Halyk Bank және Qazkom карталары болса) мобильді қосымшалары арқылы жүргізіледі.

«Үш қосымшаның бірін смартфоннан ашыңыз да, автобус салонындағы QR-код жапсырмасын іздеп табыңыз. QR-кодты сканерлеген соң, қосымшадағы нұсқаулықтарды орындаңыз. Төлемді растаған соң, телефон нөміріңізге электронды чегі бар SMS-хабарлама келеді», - деп жазды Astana LRT компаниясының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева Фейсбук парақшасында.

Homebank арқылы төлегенде электронды түбіртекті https://smsbus.kz/bilet сайтынан жүктеп алу қажет. Онда телефон нөміріңізді енгізіп, кілт сөз ретінде картаңыздың соңғы төрт цифрын жазу керек.