24 Желтоқсан, 2011

Жұмыс жоспары бекітіліп, конкурс өткізілді

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 21 желтоқсанда Оңал­сын Жұмабековтің төрағалы­ғы­мен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста судьялардың ауысу­шы­лығы, соттардың ұйымдық қыз­метін және материалдық-тех­ни­калық қамта­ма­сыз ету мәсе­лелері қарастырылды, Кеңестің 2011 жылғы жұмысы қоры­ты­н­ды­лан­ды және оның 2012 жылға ар­налған жұмыс жоспары бекітілді. Одан басқа, отырыста сот жү­йе­сіндегі кадрлық мәселелер қа­рас­ты­рылды, оның аясында ағым­дағы жыл­дың 7 қазанында жария­ланған ау­­дан­дық және оған теңес­тірілген сот­тар­дың 58 және 14 облыстық сот­тар­дың судьялары­ның бос қызмет орын­да­ры­на ор­наласуға конкурс өткізілді. Конкурсқа 585 адам қатысты. Ор­таша ал­ғанда, конкурста аудан­дық со­ты­­­ның судьясы орнына 9 және об­лыс­тық сотқа 4 адамды құрады. Аудан­дық соттың судьясы орнына конкурстан өткен және ұсыныл­ған тұлға­лар­дың орташа жасы 36 жасты құрайды. Конкурсанттар туралы ақпарат алдын ала Жоғарғы Соттың ин­тер­нет-сайтында орналастырыл­ды, бұ­қаралық ақпарат құрал­да­рын­да жа­рияланды, «Нұр Отан» ХДП жа­нын­дағы Жемқорлықпен күрес жө­ніндегі республикалық қоғамдық Кеңесінің және осы атал­ған Ке­ңес­тің жанын­да­ғы Қа­зақстан Рес­пуб­ликасының сот органдарының қыз­метін сыртқы ба­ға­лау қоғамдық бақы­лау комис­сия­сы­ның назар­ларына ұсынылды, сондай-ақ об­лыс­тық және оған теңестірілген сот­тарға жіберілді. Шешім қабыл­дау кезінде конкурсанттар туралы түскен пікірлер ескерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.