24 Желтоқсан, 2011

Игі тілектер үшін шексіз ризашылық

1221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың аты­­на Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық ме­рей­той­ына байланысты құттықтау хаттары мен же­дел­хаттар легі толассыз келуде, деп хабарлады Қазақ­стан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Авторлардың арасында ұлттық компаниялардың, кәсіпорындар мен мекемелердің, әртүрлі оқу орындарының еңбек ұжымдары, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, мәдениет пен ғылым қайраткерлері, кәсіпкерлер, ардагерлер, еліміздің жұртшылық өкілдері мен жекелеген қазақстандықтар бар. Еліміздің Президенті мен Қазақстан халқын әлемнің барлық елдерінен мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, әлемге белгілі саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер, таяу және алыс шет елдердің қарапайым азаматтары құттықтады. Құттықтау хаттарында Қазақстанның 20 жыл аралы­ғындағы тәуелсіз дамуында қол жеткізген зор жетістіктері айтылып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрудағы және табысты дамытудағы, өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты, сондай-ақ жаhандық қауіпсіздікті нығайтудағы тарихи рөлі атап көрсетілген. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз атына келіп түскен құттықтаулармен танысып, мемлекет және халықаралық ұйымдардың барлық басшыларына, Қа­зақ­станның шетелдегі достарына және барша қазақ­стан­дық­тарға олардың жоғары бағасы, жүрекжарды құт­тықтаулары мен Қазақстан халқына амандық тілеген игі тілектері үшін шексіз ризашылығын білдіреді.