24 Желтоқсан, 2011

Әлеуметтің әлеуетін жоғарылату үшін

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия­сы­ның республикалық сай­лау­алды штабының мүшелері өз үгіт науқанын Солтүстік Қазақстан облысында жал­ғас­тырды. Осы ірі агро­өнер­кәсіптік өңірде нұротан­дық­тар ауылшаруашылық кешендері жұмысшыларымен, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен және оқытушы­ларымен кездесті, сондай-ақ Петропавл қаласының азық-түлік базарында болды. Кездесулер барысында әр­түрлі мәселелер тал­қы­лан­ды: ауылдың дамуы, жалпы аг­ро­өнеркәсіптік кешенді және етті мал шаруашы­лы­ғын, білім және ғылым салаларын да­мы­ту, қазақстандықтардың әлеу­мет­тік қамсыздандырылуы. Білім саласы өкілдерін жас­тарға қолдау көрсетуге ба­ғытталған партиялық бағдар­ла­малар, студенттердің шә­кірт­ақысын және мұғалімдер мен оқытушылардың еңбек­ақы­сын көбейту мәселесі қы­зықтырды. «Нұр Отан» партиясы білім мен ғылымды табысты бо­лашақтың негізі ретінде қа­рас­тырады. Осы бағытты өзі­нің «Қазақстан. 2017 мақсат­та­ры. Ұлттық іс-қимыл жос­па­ры» сайлауалды тұғырна­ма­сы басымдықтарының бірі ретінде айқындады. Қалалық Мәдениет үйінде өткен кездесуге келген оқыту­шы­лар мен студенттер алдын­да сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» партиясының респуб­ли­калық сайлауалды штабы­ның жетекшісі Нұрлан Нығ­ма­тулин: «Бүкіл әлем таныған тұңғыш Президентіміз, Ел­ба­сы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған даму жолын жалғастыру үшін, халқы­мыз­дың жағдайын одан әрі жақ­сарту үшін, ұлы мақсаттарға жету үшін алдағы сайлауда өз дауыстарыңызды тек «Нұр Отан» үшін беріңіздер», деп атап өтті. «Нұр Отан» өз алдына жуық арадағы бес жылға қоятын міндеттері қатарында жоғары, техникалық және кәсіби білімді кеңейту, оның инфра­құ­рылымын жаңарту, оқыту­шы­лар құрамы біліктілігін ба­рынша арттыру. Сонымен бірге, 3 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйымдар, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 400-ден кем емес мектеп құрылысы, мұғалім­дер­дің орташа айлығының мөлшерін жеке сектордағы орташа айлықтың мөлшеріне дейін жеткізу, ал Педагоги­ка­лық шеберлік орталық­та­рын­да және «Өркен» біліктілікті арттыру ұлттық орта­лығында біліктілікті арттыру курстарынан өткен және біліктілік емтиханын тап­сыр­ған мұғалімдерге жалақыны 30-дан 100 пайызға дейін ұлғайту секілді мәселелер бар. Ғылым саласында «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік шығындар көлемін ІЖӨ-нің 1%-ына дейін жеткізуді, бизнес пен университеттерді ин­теграциялауды көздеп отыр. Кездесулерге келген сол­түстік қазақстандықтар «Нұр Отан» партиясының «Қазақ­стан. 2017 мақсат­тары. Ұлт­тық іс-қимыл жос­пары» сай­лауалды бағдарла­масында белгіленген басты бағыттар елімізді нығайтуға және қа­зақстандықтардың әл-ауқа­тын арттыруға жағ­дай жа­сай­тынына сенімді. Сол себепті олар 2012 жылдың 15 қаңтарында «Нұр Отан» үшін дауыс беретін болады. Өмір ЕСҚАЛИ.