24 Желтоқсан, 2011

Насихат жұмыстары өрістей түсті

297 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Патриоттары пар­тиясының белсенділері кеше Алматы облысының Тал­ғар ауданында болып, бір­қа­тар кездесулер өткізді. Сондай кездесудің бірі «Әсем и К» компаниясының құры­лыс­шыларымен болды. Аталған құрылыс ком­па­ниясын Патриоттар пар­тия­сы атынан Мәжіліс депутат­тығына кандидат Серік Айтхожин басқарады. Оның қол астында жұмыс істейтін­дер­дің басым көпшілігі Тал­ғар­дың тұрғындары болған­дық­тан, осында көптеп жұмыс орындарының ашылғанын, жаңа кәсіпорындар іске қо­сылғанын қалайтындық­та­рын да білдіріп жатты. Әсі­ресе, талғарлықтар Үкімет жү­зеге асырып жатқан ин­дус­трияландыру бағдарлама­сын­дағы басым сана­ла­тын жобалар қағаз жүзінде қалмаса екен деген ойларын да  бүкпесіз жеткізген. Сон­дай-ақ табиғаты сұлу Талғар жерінде экология мәселесі де назардан тыс қалмаған. «Табиғат» экологиялық ода­­ғының төрағасы Мэлс Елеу­сізов пен оның орынбасары Айжан Сқақова экология мә­селесін өткір көтергені белгілі болды. А.Сқақова өз сөзінде Талғарды оңтүстік өңірдің маржаны дей келіп, мұнда туризм саласын жолға қою қа­жет­тігін ортаға салды. Қысқы Азия ойындарына арналып са­лынған спорт нысандарының жұмысын ары қарай да жүр­гізе беру қажеттігі  көлденең тартылды. Солдат шатқалын­дағы биатлонға арналған жерлер, шаңғымен сырғанайтын орын­дар демалушылардың игі­лі­гіне жұмыс істеуі тиіс. Тұрғындардың ерекше қоз­ғаған мәселесі Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі осы өңірге көңіл ауда­рып, ауыл шаруа­шы­лығы өнім­дерін өн­діру­ші­лерге деген көзқарастарын түбегейлі өзгертуі қажеттігі. Өйткені, алма мен алмұрттың өзін өткі­зетін жер болма­ған­дықтан, шарап жасайтын зауыт­қа жөнелтіп жатады. Осы жемістерді балабақшалар мен мектептерге жеткізу жайы, оның сақталуы, тағы­сын тағы жәйттер жүйелі түр­де шешімін таппаған. Мұның барлығы, әрине, жанар-жа­ғар май қымбатшылығына байла­нысты болып отырға­ны да жасырын емес. Патриоттықтар, сонымен қатар, Талғар қаласындағы Зағиптар қоғамында болып, осындағы жағдайды өз көз­дерімен көріп, жұмысымен танысты. Мұнда арнайы цех бар, бірақ жұмыс орнының көп болғаны дұрыс болар еді деген өтініштер де естіліп қалды. Сондай-ақ насихат тобы осындағы  балалар үйінде де болып, олардың жағдайымен танысты. Атал­ған балалар үйі барынша отбасылық жағдайға жақын­датылған, яғни балалар ата-аналарымен бірге тұрып жат­қандай жағдайда өмір сү­руде екен. Біз өз тарапы­мыз­дан балаларға әр түрлі жемістерді алып барып, оларды бір қуантып тастадық, деп сыр бөлісті Патриоттар пар­тиясының Алматы қалалық комитетінің бірінші хат­шы­сы Гүлдана Нұрпейісова. Оның сөзіне қарағанда, қазір осы балалар мәселесіне мем­лекет қолдау көрсететін­дей тетіктерді қарастыру керек. Егер партия алдағы сайлауда Мә­жіліске өтетіндей болса, онда алдымен осы жетімдер мә­се­лесін өткір қоятындықтарын да жасыр­мады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.