24 Желтоқсан, 2011

Жұртшылықпен жүздесу жалғасуда

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының сай­лауалды үгіт-насихат жұ­мыс­тары өңірлерде одан әрі кең көлемде жалғасуда. Кеше Тараз қаласында ҚКХП-ның Жамбыл об­лыстық сайлауалды шта­бы­ның тұсаукесері өт­кі­зілді. Осы рәсім бары­сында Жамбыл облыстық ҚКХП штабы БАҚ өкіл­де­рімен баспасөз мәслихатын өткізіп, облыстық штабтың алда атқаратын жұ­мыс­тары­мен таныстырды. Бұдан бұрын хабар­лан­ғанындай, Қазақстан Коммунистік халықтық партия­сының арнайы үгіт-насихат пойызы жасақталып, елі­міз­дің өңірлерін аралауға аттанған болатын. Кеше осы пойыз Павлодар облысының елді мекендеріне атбасын тіреді. Атап айтқанда, Павлодар қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан Қызылжар ауылында болып, Қазақстан Коммунистік халықтық пар­тия­сының депутаттықтан үміт­керлері осы елді мекендегі құс фабрикасының жұмысшыларымен кездесті. Сондай-ақ үгіт-насихат пой­ызы құрамындағы партия үгітшілері Павлодар қа­ласындағы «Квазар» сауда орталығында болып, кәсіп­кер­лер және тұтыну­шы­лар­мен кездесу өткізді. Партия тарапынан депутаттыққа үміт­керлер қала тұрғын­да­ры­мен жүздесу барысында өздерінің сайлауалды бағ­дар­ламаларын тілге тиек етіп, алдағы уақытта сайлау­шылар мүддесі үшін жан-жақты қызмет атқараты­н­дық­тарына сенім білдірді. Сол күні Қазақстан Коммунистік халықтық партия үгіт­шілері Павлодар қала­сында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілде­рі­мен кездесіп, партияның сай­лауалды тұғырнамасы­мен таныстырды. Cайлауалды тұғырнама мен бағдарламаны астана­лықтарға жеткізу үшін рупормен қаруланған екінші үгіт-насихат тобы түске дейін қаланың басты көше­лері­мен жүріп өтті. Басты алаңдардың бірі – Республика, Жастар шағын ауданын аралған халықшыл коммунистер керуені Астананың басты қақпасы – темір жол вокзалына соқты. Жиналған жұртты партияның тұғыр­намасымен таныстырып, коммунистерге дауыс беруге үндеген үгіт-насихат то­бы бұдан әрі Жеңіс, Бейбітшілік және Желтоқсан кө­шелерімен жүріп өтті. Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының Сол­түстік Қазақстан облы­сындағы үгіт жүргізетін топтары да өз жұмыстарын ауқымды кө­лемде ұйым­дас­тыруда. Олар облыс ор­талығының бі­лім, мәде­ниет және тұр­мыс­тық қыз­мет көрсету мекемелерінде болып, ең­бек­керлермен кез­десулер өт­кізді. Кеше облыстық штаб белсенділері жергілікті мерзімдік басылым­дар­дың журналистерімен жүздесіп, өздерінің сайлау­ал­ды үгіт-насихат жұ­мыс­та­рының барысы­мен та­ныстырды. Алдағы уақытта об­лыс­тық штаб өкілдері ауылдық аудандарға шығып, ауыл-ауылды араламақ. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.