25 Желтоқсан, 2011

Ер есімі - ел есінде

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тараздық 7 адамның, оның ішінде 5 құқық қорғау қызметкерлерінің өмірін қыршынынан қиған қанды оқиғадан кейін де, міне, 40 күн өте шығыпты. Осынау қаралы күнді жергілікті билік те естен шығармай, облыс және қала әкімдері Қ. Бозымбаев пен Б. Орынбеков қоғам тыныштығын сақтау мақсатында ерлікпен қаза тапқан 5 боздақтың отбасыларына жаңа салынып жатқан «Бәйтерек» шағын ауданынан 5 пәтер сыйлады. Пәтердің кілттері мен жаңа баспананың «көрімдігі» ретінде тарту етілген теледидарларды қаза тапқан тәртіп сақшыларының жұбайлары Г. Тәжиева, Д. Сіметілдә, М. Юсупова, В. Власова және Г. Халиева қабылдап алды. Сондай-ақ, облыстық ІІД басшылары «Халық Қаһарманы» Г. Байтасов пен 3-дәрежелі «Айбын» орденінің  иегерлері атанған Полат Аянқұлов пен Жақсыбек Байсейітовке жеке құрама мен еліміздегі ізгі жүректі жандардың арнайы есепшотқа аударған қаржылай көмегін де табыс етті. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ Жамбыл облысы.
Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18