Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2018

Шымкент əуежайында жаңа жолаушылар терминалы салынады

147 реткөрсетілді

Миллионер қала атанып, мәртебесі өзгерген Шымкентте бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Қалаға келетін қонақтардың, әсіресе шетелдіктердің үшінші мегаполис туралы пікір қалыптастыруына ықпал ететін әуежайда жаңа терминал салу сол жобалардың бірі.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен «СКАТ» əуекомпаниясы» АҚ  президенті Владимир Денисов қол қойған меморандум аясында «Шымкент қаласы əуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» жобасы жүзеге асырылатын болады. Қала әкімінің айтуынша,  «СКАТ» əуекомпаниясы» жеке инвестор ретінде жаңа терминалды өз есебінен салуға қызығушылық танытып отыр. Осыған байланысты терминал құрылысына 2,8 гектар жер телімі бөлінген.

Жаңа терминал құрылысы бірнеше кезең бойынша жүргізілмек. Алдымен жаңа терминал салынып, содан кейін көлемі 7 гектар жерге әуе кемелеріне арналған перрон кеңейтілмек. Инвестиция көлемі 50 млн АҚШ долларын құрайды. Ал жол құрылысы және инженерлік желілерді қайта құру, әуежай алдындағы автотұрақты және вокзал алды алаңының құрылысын, абаттандыру жұмыстары қала әкімдігі тарапынан жүргізілетін болады. Құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында аяқтау көзделіп отыр.

Еркін ДОСЫМБАЙ,

Шымкент

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Бүгін, 09:14

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар