Кеше, сенбі күні кешке облыс әкімі Сергей Кулагин Қостанайдағы «Успения Богородицы» рим-католик приходына келіп, котолик діні өкілдерін Рождествомен құттықтады. Әкім приходтықтарға денсаулық, отбасыларына бақыт тіледі. Әкім сонымен қатар еліміздегі достық пен келісім, ынтымақ пен береке қазақстандықтардың басты байлығы екенін айтты. Кең байтақ Қазақстанда алаңсыз өмір сүріп отырған әркім өз дінімен қатар өзге дінге де толеранттықпен, құрметпен қарауы тиіс. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі барлық конфессияларды ынтымаққа шақырып, үлгілі іс бастады. Бұл алдымен әр қазақстандыққа өнеге болуы керектігін де ескертті әкім.
Желтоқсанның 24-нен 25-ші жұлдызына қараған түні бүкіл әлемде сочельник атап өтіледі. Бұл дәстүрді демократиялық жолмен дамып келе жатқан Қазақстан католиктері де атайды. Соған орай Қостанайдағы католиктердің приходында рождестволық діни шара өтті. Онда діни салт бойынша музыка ойнап, ән айтылып, өлеңдер оқылды.
Мұнан кейін діни салтпен «Успения Богородицы» рим-католик приходындағы сочельникте кешкі ас берілді, онда түрлі мүсіндер бейнесінде пісірілген жұқа нан сындырып, таратылды. Нанның сынығын кімге ұсынса оған жақсы тілектер айтылды. Түн ортасына қарай салтанатты литургия басталды. Онда католик дінін ұстайтындар құдайға құлшылық жасап, дұға оқыды. Оның соңы діни ойын-сауыққа ұласты.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА
ҚОСТАНАЙ
Сурет: adzinstva.by

Тайвань айналасы қоршауға алынады: Қытай ертең әскери дайындықты бастайды
Әлем • Бүгін, 11:04
Қазақстан АҚШ-пен бірлесіп атом энергетикасы саласына қажетті кадрлар дайындайды
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ-та екі тікұшақ соқтығысып, бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:50
Фурманов каналына 40 жылда алғаш рет механикалық тазалау жасалды
Қоғам • Бүгін, 10:48
Келесі жылы зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі?
Экономика • Бүгін, 10:40
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы сарбаздардың бес арманын орындады
Әскер • Бүгін, 10:35
234 алтын медаль: Әскер спортының жыл қорытындысы шығарылды
Спорт • Бүгін, 10:20
Елдегі кәсіпкерлер салыққа бола шетелге көшіп жатыр ма? Қаржы министрі жауап берді
Қаржы • Бүгін, 10:18
Жалғас Жұмағұловтың Oktagon турниріндегі жекпе-жегі тосын нәтижемен аяқталды
Спорт • Бүгін, 10:06
Бүгін бірқатар облыста қар жауып, боран соғады
Ауа райы • Бүгін, 09:42
Астана әуежайында жұмыс режимі күшейтілді
Қоғам • Бүгін, 09:40
Оқиға • Бүгін, 09:30
Реформа бизнеске тірек пе, әлде кедергі ме?
Экономика • Бүгін, 09:20
Мексикада пойыз рельстен шығып кетті: 13 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:18