Облыс орталығындағы «Қоныс» спорт сарайында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты шара болды. Мерекелік салтанатта сөз алған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуындағы қол жеткізілген негізгі жетістіктерге тоқталды. Содан кейін өңір басшысы облыстың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде табысты еңбек еткен ақтөбеліктерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсырды. Олардың арасынан Ұлы Отан соғысының II топтағы мүгедегі Иса Дәрменов – III дәрежелі «Айбын», Әйтеке би ауданының әкімі Есімхан Есенбаев – «Парасат», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сунь Бо – II дәрежелі «Достық», он екі адам «Құрмет» ордендерімен, он алты ақтөбелік «Ерен еңбегі үшін», бес ақтөбелік «Шапағат» медальдарымен марапатталды. Облыстық филармонияның әншісі Марат Әйтімов пен облыстық балалар клиникалық ауруханаасының бөлім меңгерушісі Владимир Котлобовский «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Бір топ ақтөбелік Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын алды. Он адам «Облыстың 2011 жыл адамы» атанды. Сондай-ақ, бір топ ақтөбелікке облыс әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сыйлығы тапсырылды. Мерекелік салтанаттың арты концертке ұласты. Облыс орталығында және аудандарда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік шаралар жалғасын табуда. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.
Экономика • Бүгін, 09:05
Қарашығанақтың «кіндігін кескен»
Еңбек • Бүгін, 09:00
Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55
Руханият • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:50
Бір тәулікте – 8,3 миллион дана
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45
Техниканың тілін білетін шебер
Еңбек • Бүгін, 08:42
Қытай ғалымдары киікті зерттеуге ден қоймақ
Ғылым • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38
Өнер • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:30
Басқа басылымдардан: Стратегиялық тұрақтылыққа баса назар аударады
Басылым • Бүгін, 08:25
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23
Зейнетақы қорындағы ақша: бес жылғы тәжірибеден не ұқтық?
Экономика • Бүгін, 08:20
Руханият • Бүгін, 08:18