27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1314

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 9 қараша,   Астана, Үкімет Үйі Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының, Арыс және Ордабасы аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Арыс қаласының әкімшілік шекарасына Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінен берілетін 500 гектар жерді және Арыс ауданынан берілетін 1888 гектар жерді қосу арқылы Арыс қаласының, Арыс және Ордабасы аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы және Ордабасы ауданының әкімшілік шекарасына Арыс ауданының Дермене ауылдық округінен берілетін 500 гектар жерді қосу туралы ұсынысына келісім берілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.