27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1328

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 11 қараша,    Астана, Үкімет Үйі «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы №419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы №419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №16, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; 1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.