27 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздіктің жолы қатты, дәмі тәтті

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тараз инновациялық-гуманитарлық уни­верситетінің «Шерхантану» ғылыми-зерт­теу орталығы Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, жазушы Шерхан Мұртазаның «Тәу­ел­сіздіктің жолы қатты, дәмі тәтті» деп аталатын кітабын оқырмандарға ұсынып, тұсаукесерін өткізді. Аталмыш оқу ор­ны­ның баспаханасы мұның алдында да өз студенттерін «Қазақтың Шерағасы» деген тағылымды кітаппен қуантқан болатын. Қалалық Мәдениет үйінде өткен тұсау­кесерде студенттер өз өлеңдері мен жазушы шығармаларынан үзінділер оқыды. Кездесу барысында өзіне деген, өзі бақытты өмір сүріп жатқан елген деген ықылас пен пейілге толқыған Шерхан Мұртаза: – Біздің ата-бабаларымыз өз елі, өз жеріндегі қой үстіне бозторғай жұмырт­қа­ла­ған осындай заманды ғасырлар бойы армандап, аңсап өткен. Міне, біз сол бейбіт заманды өз көзімізбен көріп, тыныштықпен өмір сүріп отырмыз. Өз еліміз, өз басшы­мыз бар. Бас­шымыз – ел тыныштығының кепілі. Ел ертеңі – жастар сол тыныштықты көздерінің қарашығындай сақтай білуі керек. Талай ғасырлардан кейін табысқан тәуелсіздігіміз­дің тұғыры мықты болсын! – деп бата берді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.