27 Желтоқсан, 2011

Кәсіподақ белсенділеріне сый-құрмет көрсетілді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазіргі таңда жер-жерлерде Тәуел­сіздігіміздің 20 жылдық торқалы тойын лайықты атап өту шараларын ұйым­дас­тыру жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. Әр саланың қызметкерлері мереке күндері еткен еңбек пен төккен тердің арқасында түрлі марапатқа ие болып, мерейлері үстем болуда. Сондай іс-шаралардың бірі оңтүстіктегі үлкен оқу орындардың бірі – М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да да болып өтті. Оны ұйымдастыруға оқу орнының кә­сіподақ ұйымы мен студенттік кәсіп­одақ ұйымы мұрындық болды. Оқу орнының басшылығы жинал­ған­дарды Тәуелсіздіктің 20 жылдық ме­рекесімен құттықтап, Тәуелсіздікке қол жеткізуде кәсіподақтың да мол үле­сі бар екендігін атап өтті. Атап айту керек, жыл өткен сайын кәсіподақ ұйы­мына сенім артушылар саны арта тү­суде. Бұл деген университетте еңбек ет­іп жүрген қызметкерлер мен білім алып жүрген барлық студенттердің құ­қы­ғы мен әлеуметтік жағдайын жан-жақ­ты жақсартуды мақсат тұтатын ұйым жұмысының жақсы жолға қой­ылғанын дәлелдей түссе керек. Нә­тижесі де көпшіліктің көз алдында. Салтанатты басқосуда жылды қо­ры­тындылай келе университетіміздің жан-жақты дамуына және елімізді инновациялық тың идеялары арқылы дамыту жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан профессор-оқытушылар құ­ра­мы кәсіподақ кеңесінің төсбелгі­сімен, алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, мемлекеттік жастар сая­сатын жүзеге асыру жолында еңбек етіп жүрген белсенді студенттер де ал­ғыс хаттармен марапатталса, ал ұйым қамқорлығында жүрген ата-анасынан айырылған 26 студентке қаржылай сый­­ақы берілді. Соңы мерекелік концертке ұласты. Қуаныш МҰСАБЕКОВ,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті кәсіподақ ұйымының төрағасы. Шымкент.