27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1346

181 рет көрсетілді
2011 жылғы 16 қараша,    Астана, Үкімет Үйі «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойыла­тын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 204-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; 2) 1-тармақтағы 1) және 3) тармақшалар алып тасталсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары заң білімінің болуы; 3) адвокаттар алқасы президиумының қаулысы негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өту; 4) аттестатциялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту; 5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы; 6) соттылығының болмауы.»; 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республика­сының Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдарға;»; 4-тармақ алып тасталсын; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында: «1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары заң білімінің болуы; 3) кемінде бір жыл мерзіммен нотариуста тағылымдамадан өту; 4) аттестатциялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту; 5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы; 6) соттылығының болмауы.»; 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республика­сының Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдарға;»; 4-тармақ алып тасталсын. 2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Соңғы жаңалықтар

Сөз сойыл

Қоғам • Бүгін, 09:12

Жас қобызшылар бақ сынады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 09:05

JaiyqFilmFest фестивалі өтуде

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 09:05

Ардагерлер аруағына құрмет

Аймақтар • Бүгін, 09:03

whatsapp-тағы бассыздық

Аймақтар • Бүгін, 08:54

ІТ лицей-интернаты ашылды

Президент • Бүгін, 08:32

Халыққа арналған басымдықтар көп

Президент • Бүгін, 08:30

Құрылыс нарығындағы ахуал қандай?

Экономика • Бүгін, 00:35

Жалғыздық бояуы

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар